Астана полицейлері «Араби» және «Самал» ТК-нің алданған үлескерлерін іздестіріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полициясы салушы Медет Бектеміровқа қатысты тергеу амалдарын жүргізіп, Араби» және «Самал» ТК-нің алданған үлескерлерін құқық қорғау органдарына шағымдануын сұрайды.

Астана полицейлері «Араби» және «Самал» ТК-нің алданған үлескерлерін іздестіріп жатыр

Астана қалалық ІІД-нің тергеу басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, осыған байланысты М.Бектеміровтің әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды 71-60-19, 8701-908-59-57, 8702-123-53-31, 8700-926-62-43 телефондарына хабарласуын сұрайды», - делінген Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 23 наурызында Астана қалалық Ішкі істер департаменті инвесторларды алдау жолымен олардан «Араби 1», «Араби 2» және «Самал» ТК-ін салуға ақшалай қаражаттарын жинап алып, өзіне сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі ақшаны жұмсап қойған, мемлекетаралық іздеудегі кезекті  құрылыс салушы, «Квартиры НС» ЖШС, «Компания М.С.-7» ЖШС , «Шаңырак БМК ГРУПП» сияқты бірқатар кәсіпорындардың басшысы Медет Бектеміровті ұстады.

Айта кетейік, ІІД-нің мәліметтерінше, сондай-ақ «Golden Taurus» және «Марсель» ТК-нің үлескерлерін алдаған «Taurus LTD 2011», «Turan Com LTD 2011» және «Spec Story Tehnolegy» ЖШС-нің екі басшысы Мұрат Бөлеков пен Әлия Виляхуноваға халықаралық іздеу жарияланды.