Астана полицейлері кәмелеттік жасқа толмағандарды зорламақ болған педофилге іздеу жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері кәмелеттік жасқа толмағандарды зорламақ болған ер адамды іздестіруде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ресми сауалына ІІД баспасөз қызметі жауап берді.
None
None

«6 желтоқсанда шамамен сағат 08. 00-де 25-30 жас шамасындағы белгісіз ер адам Бауыржан Момышұлы мен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде жолдан өткен балаларды зорламақ болған», - деп хабарлады ҚазАқпаратқа берген сұхбастында астаналық ІІД бастығының бірніші орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Олжабаев.

Оның айтуынша, ата-аналарының ІІБ-ға кеш хабарласуына байланысты ол азаматты әлі ұстау мүмкін болмай отыр. «Куәлердің айтып, сипаттауымен күдіктінің «портреті» жасалды. Оны анықтап, ұстау әрекеті қолға алынды», - деді Ж.Олжабаев. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар