Астана полицейлері көпқабатты үйдің терезесінен секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері көпқабатты үйдің терезесінен секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды, деп жазады polisia.kz.

Астана полицейлері көпқабатты үйдің терезесінен секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды

Оқиға Рысқұлбеков көшесінде болған. Полицияның 102 арнасына әйел адам хабарласып, оның 45 жастағы жұбайы 6-қабаттан секіремін деп қорқытып жатқанын айтқан.

Оқиға орнына патрульдік полицейлер Әділет Далабаев пен Нұрғазы Марат келді. Қызметкердің бірі төменде қалып, ер адаммен диалог жүргізіп, райынан қайтаруға тырысқан. Ал екінші қызметкер пәтерге кіріп, ер адамды ұстап алып, тартып кіргізген.

Ер адамға психологиялық көмек көрсетілді. Тұрғынды мұндай әрекетке не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.