Астана полицейлері «Орбита» сауда үйінің күзетшісін өлтірілу фактісі бойынша Өзбекстан азаматын ұстады

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елордадағы «Орбита» сауда үйінің күзетшісінің өлтірілу фактісі бойынша Өзбекстан азаматы ұсталды. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Астана полицейлері «Орбита» сауда үйінің күзетшісін өлтірілу фактісі бойынша Өзбекстан азаматын ұстады

«Астананың полиция қызметкерлері 31 қазанда «Орбита» сауда үйінің күзетшісін өлтіру қылмысын ашты.Қылмыскерлер 10 бутикті ашып, күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды, галантереялық тауарларды, ерлердің сыртқы киімін, сондай-ақ ұялы байланыс компаниясының карточкаларын ұрлап кеткен болатын»,-деді департамент бастығы.

Оның сөзіне қарағанда, кеше полиция қызметкерлері аталған дүкеннің бұрынғы күзетшісі, Өзбекстанның азаматын анықтап, ұстады. «Ол осы қылмысты жасағанын мойындап, ұрланған заттарды қайтарды. Оның сыбайласын ұстау бойынша тергеу амалдары мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде»,-деді Қ. Жұманов.