Астана полицейлері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасын өткізді

СТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Мамырдың 31-і - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай Астана қалалық ІІД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі Жол полициясы басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасын өткізді.
None
None

Астана қалалық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің таратқан ақпаратына қарағанда, аталған рәсімге саяси қуғын-сүргін құрбандары, олардың балалары, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлерлері мен жас қызметкерлері қатысқан. Іс-шара барысында мемориалға гүл шоқтарын қойған ардагерлер мен қызметкерлер саяси қуғын-сүргін кезінде шейіт болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін олар азап жылдардың естелігін көз алдыңа әкелетін экспонаттар қойылған мұражайды аралады.

Шараға қатысқан Астана қалалық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Кәрібаев «10 жыл бойы тұрақты аталып өтілетін бұл күн тарихта мәңгілік қалады. Осыған байланысты Астана қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан Ақмол ауылында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудың мемориалдық-мұражай кешені құрылған болатын. Дәл осы жердегі лагерьде халық жауларының жұбайлары, 30 мыңдай әйел жазасын өтеді. Өкінішке орай, ұлттың азаттығы жолындағы іс-әрекеттері үшін небір зұлмат пен адам төзгісіз азап көрген боздақтар қазіргі таңда арамызда некен-саяқ», деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар