Астана полицейлері жұмыстары бағаланбайтынына қапалы

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Астана полицейлері астаналықтар учаскелік инспекторлар еңбегін бағаламайды және халықтық дауыс берумен еркелетпейді деп өкпелерін білдіруде.

Астана полицейлері жұмыстары бағаланбайтынына қапалы

Онымен қоса, «Халық қаһарманы» атағына небәрі 3 кандидатура ғана ұсынылған және тұрғындар бұл маман санатына аз дауыс беруде. Бұл ретте, Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында учаскелік инспекторлар алған - 85, мұғалімдер жинаған 3463 дауыс салыстырмалы түрде көрсетілген. Қазіргі таңда Астананың болашақ қаһарманына 10 мыңнан астам адам дауыс берген.

Учаскелік полиция инспекторы Серік Тұғымбаев: «Полицейлер арасында қаһарман атағына лайық азаматтар көп. Олардың жұмысын бағаламайтыны өкінішті. Менің ойымша, «Астана таңдауы - 2012» байқауына полициялардың кандидатурасын әлі де қосу керек».

Естеріңізге сала кетейік, «Астана таңдауы 2012» байқауын Астана әкімдігі Қала күні қарсаңында жариялады. Жоба мақсаты - астананың шынайы қаһармандарын анықтау және олардың іс-әрекеттерін дәріптеу. Байқау қорытындысы бойынша 5 категорияның өкілдері іріктелді: дәрігер, қоғамдық көлік жүргізушісі, мұғалім және учаскелік инспектор, сондай-ақ кез келген лайықты қала азаматы. Дауыс беру astana.kz. сайтында жалғасуда. Сіз өзіңізге ұнаған қатысушыға дауыс бере аласыз және оны ертеңгі күннің қаһарманы етуге мүмкіндігіңіз бар.