Астана полициясы 20 мың долларға алдап кеткен алаяқты іздестіруде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД «Алматы» ауданы ІІБ тергеу бөлімі ірі көлемде алаяқтық жасаған 1972 жылы туылған Тұтақаев Жасұлан Қалымұлына іздеу жариялады.
None
None

Автокөлігін сату сылтауымен жәбірленушінің сеніміне кірген ол 20 мың АҚШ долларын иеленіп, бой тасалаған, деп хабарлады Астана қ. ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта «Алматы» ауданы ІІБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімі 1-тармағы (аса ірі көлемде алаяқтық фактісі бойынша) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Егер осы адамды танитын, білетін, көргендер болса, Астана қ. ІІД «Алматы» ауданы ІІБ-ге мына телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз: 71-67-10, 71-67-11, 71-67-09, тел. 102 немесе 8 701 774 38 79.

Соңғы жаңалықтар
telegram