Астана полициясы әлеуметтік желідегі видео арқылы қалтаға түскен баукеспенің кім екенін анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері елордалық автобустардың бірінде ұрлық жасамақшы болған жас жігіттің кім екенін анықтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астана ІІД деректеріне сәйкес ол елорданың 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұдан бұрын ол қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 «Бұл факті бойынша  арыз тіркелмеген, бірақ оның осындай қылмысқа қатыстылығының бар-жоғы тексерілуде. (...). Оның тұрғылықты жерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінде.

Қылмыстық заң бұзушылық картасына сәйкес Астанада жыл басынан бастап 4800 ұрлық, 74 ұсақ ұрлықтар жасалған.

Карманник в автобусе #жестькз

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz) Мар 14 2017 в 11:29 PDT

Соңғы жаңалықтар
telegram