Астана полициясы екі әйелді өлтірген ер адамды ұстады

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астаналық полицейлер пайдакүнемдігінің салдарынан екі әйелді өлтірген ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Астана полициясы екі әйелді өлтірген ер адамды ұстады

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Астана қалалық ІІД-нің Жедел басқару орталығының  «102» нөміріне тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде зорлықпен өлтірілген екі әйелдің мүрделері табылғаны туралы хабарлама  түсті.

24 желтоқсан күні астаналық ІІД-нің тергеу бойынша басқармасының қызметкерлері бұл қылмысты жасаған ер адамды ұстады. Ол аса ауыр қылмысты жасағанын мойындады. Оның айтуынша, қылмыс пайдакүнемдік салдарынан жасалды.

Күдікті азамат Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.