Астана полициясы лифттегі мониторды сындырған ер адамды іздестіріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полициясы тұрғын үйлердің біріндегі лифтте бейнебақылау мониторын бұзған ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Астана қаласы ішкі істер депаратментінің хабарлауынша, оқиға 25 тамыз күні шамамен кешкі 9-10-дарда болған.
«Бұл азамат туралы қандай да бір ақпарат білетін тұрғындардың «Есіл» аудандық ІІБ-не хабарласуын сұраймыз. Мекенжайымыз: Қорғалжын тас жолы, 21. Байланыс телефондары 8(7172)71-65-48, 8701-188-04-62 немесе 102», - делінген қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.