Астана пойыздары жаңа кестемен жүреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадан Қазақстанның барлық бағытында қатынайтын жолаушылар пойыздары қысқы кестеге ауысты. Қала маңындағы екі бағыттық пойыздың жүру жиілігі артты. Енді Астана-Қарағанды бағытындағы пойыз бұрынғыдай күніне екі рет емес, үш рет, ал Бурабай курорты (Көкшетау қ.) бағытындағы пойыз күніне екі рет жүретін болады. Сонымен қатар, бүгіннен бастап жаңадан «Астана-Защита» (Өскемен) және «Астана-Қызылорда» бағыттары ашылды. Бұл туралы аstana.kz сайтына «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.
Сонымен қатар, «Тұлпар-Тальго» пойыздарымен жол жүруді жайлы ету мақсатында қазан айында жеңілдіктер енгізілді. Жолаушы билетті пойыздың аттануына дейін 44-35 тәулік бұрын сатып алса 35%; 34 -25 тәулік бұрын сатып алса, 25%; 24-8 тәулік бұрын сатып алса 15% жеңілдік жасалады.