«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры болып Ерлан Қожағапанов тағайындалды. Бұл туралы «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры тағайындалды

Бүгін Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапановтың «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры қызметіне тағайындалуына байланысты жиын өтті, делінген хабарламада.

Е. Қожағапанов 13.08.1968 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін (1992); Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (1999); РФ Мемлекеттік Кеден комитетінің Кеден академиясын (2006) тәмамдаған, мамандығы - заңгер, экономист.

Еңбек жолы: ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің республикалық кәсіпорын бас директорының көмекшісі, Алматы қ. (1997-05.1998); ҚР Қаржы министрлігі Салық полициясы комитетінің қаржы-экономикалық басқармасының басшысы, Астана қ. (05.1998-11.1998); ҚР Қаржы министрлігінің ОҚО бойынша кеден басқармасының бастығы, Шымкент қ. (11.1998-07.2002); Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басшысы (2002-11.2006); Астана қаласы Алматы ауданының әкімі (11.2006-08.2007); Астана қаласы әкімінің орынбасары (08.2007-01.2013); Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы (01.2013 ж); Қазақстан Футбол федерациясының президенті (12.2014).