«Астана» президенттік клубының мәселесі жақын арада шешіледі - Арыстанбек Мұxамедиұлы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы «Астана» президенттік клубын қаржыландыру мәселесі бойынша түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» президенттік клубының мәселесі жақын арада шешіледі - Арыстанбек Мұxамедиұлы

«Бәріңіз жақсы білесіздер, «Самұрық-Қазына» қоры «Астана» президенттік клубын Мәдениет және спорт министрлігінің құрамына өткізді. Қазіргі кезде белгілі бір түсініспеушілік бар. Спортшылардың жалақысы төленбей жатыр, қаржыландыру тоқтатылды дейді. Иә, шынымен де, біз жағдайдың анық-қанығына жеткенше қаржыландыруды тоқтаттық. Ол жерде ақшаның сомасы өте үлкен. Біз болсақ, қаржының ашықтығын қалаймыз», - деді А.Мұxамедиұлы кеңейтілген алқа мәжілісінде.
null

Министрдің айтуынша, бүгінде «Астана» президенттік клубының қамқоршылық кеңесі құрылып жатыр. Оған танымал спортшылар, депутаттар және тағы басқа азаматтар кіреді.

«Мен ойлаймын, сәрсенбі күні біз қамқоршылық кеңесінің алғашқы жұмысын жариялаймыз. Соның негізінде министрлік клубтар мәселесімен айналысады. Ондай шара не үшін керек? Біз еліміздегі барлық спорт шараларын үйлестіріп, бір ғана құзіретті орган арқылы жүргізе аламыз. Әйтпесе, бұрын бірыңғай жүйе болған жоқ. «Самұрық-Қазына» тікелей ақша аударды. Әрине, ондайда ашықтық болған жоқ. Қазір біраз сұрақтар бар», - деп атап көрсетті А.Мұxамедиұлы.

null