«Astana Pro Team» командасының велошабандозы Алексей Луценко Халықаралық «Алматы туры 2014» веложарысының жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Astana Pro Team» командасының велошабандозы Алексей Луценко Халықаралық «Алматы туры 2014» веложарысының жеңімпазы атанды.
Ол 186 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 12 минут 17 секундта жүріп өтті.
Екінші орында Сергей Чернетцкий - «Katusha» (Ресей). Ал Rusvelo (Ресей) велокомандасының шабандозы Сергей Лагутин үшінші орынға и болды. Жеңімпазға 15 мың еуро табыс етіледі. Екінші және үшінші орын алғандар сәйкесінше 10 мың және 5 мың еуро алады.