«Astana Pro Team» шабандозы Джиро д'Италия жалпы есебінде 5-ші орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Pro Team» шабандозы Фабио Ару Джиро д'Италия көпкүндігінің 8-ші кезеңінен кейін жалпы есепте 5-ші орынға көтерілді, деп хабарлады команда фан-клубының сайты.

«Astana Pro Team» шабандозы Джиро д'Италия жалпы есебінде 5-ші орынға көтерілді

Ұзындығы 179 километрлік үш санатты өрлері бар 8-ші кезең 2004 жылы 34 жасында қайғылы қазаға ұшыраған ұлы итальян шабандозы Марко Пантаниге («Пират») арналды.

Қазақстандық команда шабандозы Фабио Ару жақсы көңіл-күйде және бірінші топта 9 орында жеңімпаздан 17 секунд кейін келеді. Сөйтіп ол жарыс көшбасшысынан 1 минут 39 секунд ұтылып, 5-ші орынға көтерілді. Астана капитаны Микеле Скарпони 6-кезеңде алған жарақатынан кейін қайтадан қалпына келе алмай, соңғы кезеңде 10 минутқа жуық уақыт ұтылды.