«Astana Pro Team» велокомандасы «Vuelta-2014» көпкүндігіне қатысатын құрамды жасақтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Astana Pro Team» велокомандасы «Vuelta-2014» көпкүндігіне қатысатын құрамды жасақтады.
Бұл туралы команданың ресми сайтында хабарланды.
Оның құрамына: Фабио Ару (Италия), Микеле Ланда (Испания), Танел Кангерт (Эстония), Паоло Тиралонго (Италия), Даниил Фоминых (Қазақстан), Андреа Гуардини (Италия), Якопо Гуарниери (Италия), Андрей Зейц, Алексей Луценко (екеуі де Қазақстан) еніп отыр.
Айта кетейік, Вуэльта-2014 жарысына «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали қатыспайды. Ол «Тур де Франстағы» жеңісінен кейін әлем чемпионатының топтық сайысына қатысуға бел буып отыр.
«Вуэльта-2014» көпкүндігі 23 тамыз күні басталып, 14 қыркүйекте аяқталады.