«Astana Pro Team» велошабандоздары 187 шақырымға созылатын біркүндік жарысқа қатысады

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін «Astana Pro Team» велошабандоздары Италияда 187 шақырымға созылған біркүндік Nobili Rubinetterie-Coppa Papa Carlo-Coppa Citta di Stresa, веложарысына қатысады.
None
None

Өткен жылы бұл жарыс, тамыз айында екі күн қатарынан өткізілген еді. Биыл ұйымдастырушылар GP Nobili жарысын Тиррено-Адриатикодан екі күн кейін, Милан-Санремо қарсаңында өткізуді жөн санапты, деп хабарлады комнаданың ресми сайты.

«Astana Pro Team» құрамы:

Винченцо Нибали (Италия).

Фабио Ару (Италия).

Энрико Гаспаротто (Италия).

Франческо Гавацци (Италия).

Андреа Гуардини (Италия).

Якопо Гуарниери (Италия).

Алексей Луценко (Қазақстан).

Симоне Понци (Италия).

Команда штаты:

Спорттық директор Стефано Дзанини.

Дәрігер Симоне Улиари.

Механик Роберт Астори.

Механик Хуан Пуйоль.

Массажшы Мауро Андреола.

Массажшы Микеле Паллини.

Массажшы Оскар Сатурни.

Жарыс жолы Италияның солтүстігіндегі Лаго д'Орта мен Лаго Маджорре өзендерін бойлай орналасқан таулы аймақта белгіленіп, бес бірдей ауданды қамтиды. GP Nobili тауға көтерілуден кейін қайта бабына келе алатын, мықты шабандоздар үшін арналған жарыс.

«Astana Pro Team» велошабандозы Симоне Понци 2011 жылы Coppa Papa Carlo додасында жеңіс тұғырына көтерілген болатын.

Соңғы жаңалықтар