Astana Pro Team велошабандоздары Италияда өтетін жарыста бақ сынайды
АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Astana Pro Team осы аптада жеке есеп жарысы шеберлерінен жасақталған үшінші құрамасын 5 күнде алты кезеңді жүріп өтетін Италияның Settimana Internazionale Coppi e Bartali жарысына аттандырды,
деп хабарлады команданың ресми сайты.
Coppi E Bartali-дің алғашқы күні алдымен 99 шақырымға созылған алғашқы кезең, ал түстен кейін 11 шақырымдық жарыс жолында жеке есепте жеңіске талас өтеді. 23 наурызда болатын 4 кезеңде олар 14 шақырымдық тағы бір жеке есеп жарысында бақтарын сынайды.
Astana Pro Team намысын ұлттық чемпиондар Фредрик Кессяков пен Эван Хаффман және андерлер арасында Әлем чемпионы Алексей Луценко бастаған мықты тайм-триалистер қорғайды.
Astana Pro Team құрамы:
Фредрик Кессякофф (Швеция).
Эван Хаффман (АҚШ).
Танел Кангерт (Эстония).
Симоне Понци (Италия).
Алексей Луценко (Қазақстан).
Арман Камышев (Қазақстан).
Команда штаты:
Спорттық директор Александр Шефер.
Спорттық директор көмекшісі Горазд Штангели.
Дәрігер Симоне Улиари.
Механик Мауро Андреола.
Механик Роберто Астори.
Массажшы Андрей Медуница.
Массажшы Умберто Инсельвини.
Массажшы Оскар Сатурни.
Массажшы Алеш Мурн.