Аstana Pro Team велошабандозы А.Гривко Париж-Ницца көпкүндігінің 3 кезеңі қорытындысы бойынша жалпы есепте 2 орынға көтерілді

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Аstana Pro Team велошабандозы Андрей Гривко Париж-Ницца көпкүндігінің 3 кезеңінде мәреге үздіктер қатарында келіп, жеңіске таласты.
None
None

Алайда жаңбырдың астында өткен кезеңнің шешуші сәтінде, алда келе жатқан шабандоздар оның шабуылға көшуіне мүмкіндік берген жоқ. Бірақ кезең қорытындысымен ол жалпы есепте екінші орынға көтерілді, деп хабарлады команданың ресми сайты.

Топтық және жекелей сында Украина чемпионы А.Гривко Chatel-Guyon қаласында басталған жарысқа жақсы көңіл-күймен шыққан және өзінің жалпы есептегі көрсеткішін жақсартып, жеңімпазға тиесілі жейдеге таласуға мүмкіндігінің зор екендігін де жасырған жоқ еді.

«Гривко алдындағы шабандоздарды қуып жету мақсатында соңғы таудан төмен түсуде шабуылға көшті. Ауа-райының қолайсыздығы да біршама қиындықтар туғызды. Жарыс алдындағы жиында Гривко өзінің жеңіс үшін таласуға дайын екенін айтқан болатын, сондықтан ұзындығы 2,5 шақырым болатын соңғы көтерілуде Максим Иглинскийдің шабуылы нәтижесінде біршама абдырап қалған бәсекелестерінің жағдайын ұтымды пайдаланып, алға ұзап шықты» ,- деді Astana Pro Team спорттық директоры Дмитрий Фофонов.

Соңғы жаңалықтар