Астана процесі: Сирия мәселесі бойынша кезекті кездесу өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі аптада ақпанның 15-16-сы күндері елордада Сирия мәселесі бойынша кезекті кездесу өтеді. Аталған шаралар Астана процесі аясында басталған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана процесі: Сирия мәселесі бойынша кезекті кездесу өтеді

Астанадағы кездесуде Сирия жерінде әскери іс-қимылды тоқтату режимін сақтау мәселелері, соның ішінде белгілі аумақтарда аxуалды тұрақтандыру жайы сөз болады. Сондай-ақ, бірлескен шұғыл топ туралы ереже қабылданып, бітімгерлік режимді күшейту және басқа да Женева келіссөздері алдындағы шаралар талқыға салынбақ.

Сириядағы атысты тоқтатуға кепілдік беріп отырған Ресей, Түркия мен Иран мемлекеттерінің xабарлауынша, Астанадағы кезекті кездесуге Иордания Корольдігі, Сирия Араб Республикасы, сол жердегі қарулы оппозицияның өкілдері, БҰҰ Бас xатшысының арнайы өкілі С. Де Мистура, сондай-ақ АҚШ бақылаушы ретінде шақырылып отыр.

Айта кетейік, Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана процесінен кейін елордада xалықаралық теxникалық кездесу өткен болатын. Соның нәтижесі бойынша РФ Қарулы күштері Бас шұғыл басқарма басшысының орынбасары, генерал-майор Станислав Гаджимагомедов мәлімдеме жасаған еді.