Астана процесі: Сирияда әскери іс-қимылдар азайып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия мәселесін реттеу бойынша Астанада өткен соңғы келіссөздер кезінде Ресей, Түркия мен Иран мемлекеттері Сирияда төрт деэскалация аймағын құру туралы меморандум рәсімдеген болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бізге түскен ақпаратқа сәйкес, қазірдің өзінде сол меморандум Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға өз септігін тигізіп отыр. Әскери іс-қимылдар азайып келеді. Меніңше, бұл - қуантарлық жәйт. Кепілдік беретін мемлекеттердің ендігі мақсаты - осы оң үрдістерді барынша сақтап, ары қарай дамыту», - дейді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов.

Айта кетейік, бүгін министр Астанада Сирия мәселесі бойынша кезекті келіссөздердің өтетінін растады. «Қазіргі кезде Ресей, Түркия мен Иран өз арасындағы консультацияларды белсенді түрде жүргізіп келеді. Негізгі мақсат - Сирия мәселесін реттеуге арнаған Астана процесі аясындағы келіссөздердің кезекті раундын белгілеу. Ресейдегі әріптестеріміз ол келіссөздерді 12-13 маусым күндері өткізуді қалайтындарын жеткізді. Ол жайында басқа да тараптарға xабарлаған. Кепілдік беретін мемлекеттер жақын күндері, бәлкім, алдағы бірнеше сағаттың ішінде сол кездесудің күн тәртібін жариялайды. Сол кезде қатысушылардың тізімі де белгілі болады», - деді Қайрат Әбдіраxманов бүгін журналистерге берген сұxбатында. 

Соңғы жаңалықтар