Астана процесінде байқаушы болғысы келетін елдер белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президентінің Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Александр Лаврентьев Сирия жанжалын реттеу жөніндегі Астана процесінің байқаушысы болғысы келетін елдерді жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Астана процесінің 6-шы раундын қорытындылауға арналған брифингте ол белгілі бір елге алдағы уақытта Астана процесіне байқаушы  ретінде қатысу мүмкіндігі берілетіндігін айтты.

«Оны дипломатиялық арналар арқылы жұмыс деңгейінде келісуге шешім қабылдадық. Егер де келісімге келетін болсақ, онда сәйкесінше өтінім береміз және қазақстандық достарымыз арқылы аталған елдерге шақыру жібереміз. Астана процесі аясында байқаушы ел  болуы ықтимал әлеуетті елдердің қатарында Қытай, БАӘ, Мысыр, Иран және Сириямен көршілес ел ретінде «ДЖибат ан-Нусрамен» бірлескен күрес жүргізіп жатқан Ливан бар. Бұл елдің аумағында сириялық босқындардың басым бөлігі шоғырланған. Әрине, сондықтан да олар бұл республикада бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнағанына мүдделі», - деді Александр Лаврентьев.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 6-шы раунды өз мәресіне жеткендігін жария еткенін хабарлаған едік .

 «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  үздіксіз қолдауымен жүзеге асырылып келе жатқан  Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 6-шы раунды өз мәресіне жетті. Келіссөздерге қатысқан жоғары лауазымды делегациялар Астана платформасында осыған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылап, Сириядағы дағдарысты реттеу бойынша  өзара іс-қимылды кеңейту жолдарын қарастырды», - деп атап өткен еді Қайрат Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар