Астана процесіне АҚШ шақырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  РФ СІМ министрінің орынбасары Михаил Богданов  бейсенбі күні АҚШ елшісі Джон Теффтпен кездесу кезінде америкалық тарапқа Қазақстанның атынан Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздерге (Астана процесі) қатысуға шақырту бергенін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Астана процесіне АҚШ шақырылды

«Иә, біз оларды шақырдық. Біздің қазақстандық достарымыздың қол қойған шақыртуын бердік», - деп айтты Богданов.

РФ СІМ басшысы Сергей Лавров бұрын мәлімдегендей, Ресей АҚШ-ты Сирия жөніндегі келіссөздер алаңына (Астана процесі) шақырған.

Бұдан бұрын Ресей Президенті Владимир Путин түрік көшбасшысы Тайып Ердоғанмен Сириядағы соғысып жатқан тараптарға Астанадағы жаңа алаңда бейбіт келіссөз үдерісін жалғастыруды ұсыну туралы уағдаласқанын хабарлаған. Оның айтуынша, жаңа алаң женевалық келіссөздерді толықтырады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путинмен және Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесуі барысында бұл бастаманы қолдап, Астананың мұндай келіссөз өткізу алаңын ұсынуға әзір екендігін хабарлаған.

Дьявол носит Prada 2
Ұқсас жаңалықтар

233 млн доллар: «Дьявол носит Prada 2» фильмі әлемдік прокатта бірінші орынға шықты