Астана прокуратурасы елорда атмосферасының қорғалуына тексерістер жүргізді

АСТАНА.  9 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының прокуратурасы экологиялық қауіпсіздік және жосықсыз табиғат пайдаланушылардың мемлекетке келтірген зиянын өтеу мәселесіне айрықша көңіл бөледі.
None
None

Бұл ретте қоршаған ортаны қорғау бойынша ведомствоаралық комиссияның  қызметін тексеру барысында астананың атмофералық ауасын ластау деңгейін азайту жұмысының тиімділігі төмендегені белгілі болды. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, тексеу барысында қалалық прокуратура органдарының күшімен қоршаған ортаға елеулі зиян келтірген, бірақ уәкілетті органның назарынан тыс қалған жосықсыз табиғат пайдаланушылар анықталған. Мәселен, 7 шаруашылық субъектісі атмосфералық ауаға әсерін регламенттейтін тиісті құжаттарсыз екі жыл бойы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген. Осылайша аталған субъектілер Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 69-бабы 1-бөлігі талаптарын бұзып, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмаған.

Қала прокуратурасы анықталған заң бұзушылықтар бойынша қала әкімдігіне және қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті органның атына мемлекетке келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ салық берешегін өндіру және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде кешенді жұмыс жүргізу мәселелерін қоя отырып, заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді.

 

Соңғы жаңалықтар