Астана прокуратурасы есірткі жарнамалайтын 17 сайтты бұғаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана прокуратурасы есірткі жарнамалайтын 17 сайтты анықтап, бұғаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.
None

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында синтетикалық есірткінің таралуының өсуіне ерекше назар аударылды.

Синтетикалық есірткі қоғамға үлкен қауіп төндіреді.

Осы орайда Қалалық психикалық денсаулық орталығының наркологиялық блогына жатқызылғандарың өскені байқалды, 2021 жылы 2 080 пациент, 2022 жылдың 10 айында 2 126 пациент.

«Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде көптеген «синтетика» жарнамалары қолжетімді. Елордалық прокуратура осындай 17 сайтты анықтады. Мысалы, «Q» сайтында мекенжайлары мен деректемелері көрсетілген есірткі құралдары ашық жарнамаланды.

Қабылданған шаралар арқылын барлық 17 есірткі сайты бұғатталды.

Есірткінің таралуын болдырмау жөніндегі жұмыс уәкілетті органдардың ерекше бақылауында бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Мұндай сайттар табылған жағдайда дереу келесі нөмірлерге хабарлаңыз»,-делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Қалалық прокуратураның кезекші прокуроры- (7172) 71-24-67;

Полиция Департаментінің сенім телефоны - (7172) 71-63-93;


Соңғы жаңалықтар