Астана прокуратурасы: Көлеңкелі экономикадан 7 млрд теңге бюджетке қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің нәтижесінде бюджетке 7 млрд. теңге қайтарылды, деп хабарлайды Астана прокуратурасының баспасөз қызметі.
None
None

Прокурорлық қадағалаудың басты бағыттарының бірі мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың маңызды тұсы - көлекңкелі экономикаға, соның ішінде жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимыл жасау.

Астана қаласы прокуратурасының органдары көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде салық заңнамасының талаптарын сақтау мәселелеріне көп көңіл бөледі.

Ағымдағы жылы елордалық прокуратураның қадағалау қызметі барысында жалған тұлғалардың немесе олардың (жалған кәсіпорын) қызметіне қатысы барын теріске шығаратын тұлғалардың атына тіркелген 32 жеке кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге жол берілмеді.

Аталған шаруашылық субъектілерін тіркеуге жол бермеу арқылы олардың контрагенттеріне (салық төлеуден жалтарып жүрген) жалпы сомасы 5,4 млрд.теңгеден астам салық қайта есептелді, оның ішінде 1,3 млрд.теңге бюджетке қайтарылды.

Заңсыз пайдаланылатын мүлікті қайтарып алу арқылы мемлекеттік бюджетке 6,5 млн.теңге келіп түсті, сонымен қатар жергілікті атқарушы органның заңсыз жұмсауына байланысты 250,6 млн.теңге бюджетке қайтарылды.

Сонымен бірге, қала прокуратурасы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасай отырып, құрылыс жұмыстарын сатып алу бойынша заңсыз өткізілген 3 конкурстың күшін жойды, сөйтіп бюджеттің 1,4 млрд.теңге сомасында шығынға қалуына жол бермеді.

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасуда және ол Астана қаласы прокуратурасы органдарының жіті бақылауында.

Соңғы жаңалықтар