Астана прокуратурасы жемқорлық қылмыстарына жиі баратын мемлекеттік органдарды атады

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Соңғы он айда Астанада 102 жемқорлық қылмысы анықталды.
None
None

Оның ішінде мемлекеттік қызмет функцияларын атқаруға уәкілетті тұлғаларға және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты 83 қылмыстық іс қозғалды, 62-сіне қатысты тәртіптік жаза қолданылды.

Бұл туралы бүгін елордада «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының жемқорлыққа қарсы форумында Астана қаласы прокурорының орынбасары Алмат Байшолақов мәлім етті.

Оның атап өткеніндей, қылмыстардың ішінде қызмет бабын асыра пайдалану, пара алу, алаяқтық, бюджеттік қаражатты ұрлау ең көп таралған жемқорлық фактілері болып табылады.

Форум барысында Астана прокурорының орынбасары жемқорлық қылмыстарына жиі баратын мемлекеттік органдарды атап шықты.

Статистика бойынша, ең көп жемқорлық фактілері ішкі істер органдарында анықталған. Олардың тарапынан 18 қылмыс тіркелген.

«Жергілікті өзін өзі басқару бөлімшелерінде - 10 қылмыс, салық органдары мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлімшелерінде - 4 қылмыстан анықталды», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар