Астана прокуратурасында брифинг өтеді
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 30 наурызында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы брифинг өткізеді,
деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, онда Есіл ауданы прокурорының орынбасары С.Әлиев 2011 жылдың 4 ақпанында заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру бойынша қадағалау аумағында атқарылған жұмыстың қорытындысы жөнінде баяндайды.