Астана радиосы жас орындаушылар арасындағы фестивальдің қорытындысын шығарды

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Астана циркінде балалар әндерін орындаушылардың қорытынды концерті өтті. Үстіміздегі жылы жаз бойы Астана радиосы жас орындаушылар арасында байқау жариялап, радио фестивалін ұйымдастырған еді.
None
None

Байқау қорытындысы көрермендердің дауыс беруі арқылы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марапаттау рәсімінде Астана радиосының директоры Гүлмира Қаракөзова жеңімпаздарға арнайы жүлделерді табыс етті. Таңсу Оспанова бас жүлде алды, қазақша ән шырқаған Александр Филатов І орынға ие болды.  Радионың арнайы сыйлығы Ардақ Смағұлға табыс етілді.

 Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Жұмажан Жүкенов үлкен музыкалық орталықты «Балдәурен» тобы мен «Айналайын» ән ансамбліне табыс ете тұрып, балаларға алғыс айтты. Ол мұндай шаралардың балдырғандарды ынталандырып, болашақта үлкен өнер иесі болып қалыптасуына жол ашатынын жеткізді.

Жиналғандар алдында жас өнерпаздар ән шырқап, би биледі. Олар Отан, ана, балалар және Астана туралы әндерді әуелете шырқады.

Соңғы жаңалықтар