«Астана РЭК» АҚ-ның кеңсесін салу кезінде «НС» ЖШС-нің жұмысшысы биіктіктен құлады

АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Елорданың «Есіл» ауданында Қорғалжын тас жолында орналасқан, салынып жатқан «Астана РЭК (өңірлік электр торабы компаниясы)» АҚ кеңсесінің аумағында төтенше жағдай орын алды.

«Астана РЭК» АҚ-ның кеңсесін салу кезінде «НС» ЖШС-нің жұмысшысы биіктіктен құлады

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 29 маусымда сағат 03.00-де құрылыс жұмыстарын атқару кезінде «НС» ЖШС-нің жұмысшысы 2 қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді.