«Астана-РЭК» электр қуатының уақытша сөндірілу себебін түсіндірді

«Астана-РЭК» АҚ өндіріс бойынша басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сейіл Менкиннің айтуынша, қазіргі уақытта жөндеу науқаны аясында жоспарланған шаралардың барлығы қатаң кесте бойынша жүргізілуде.
«15 қазанға дейін біз күз-қыс мерзімдеріне дайындығымыз жөнінде ҚР Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінен төлқұжат алуды жоспарлап отырмыз», - деді С.Менкин.
Халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізу аумағында электр қуатын жоспарлы сөндіру болмайды.
«Бұл ауданда бізде жаңа құрылғы және сенімді электрмен жабдықтау сызбасы қарастырылған», - деп жалғады сөзін С.Менкин.
Жөндеу жұмыстары кезінде электр қуатының уақытша сөндірілу бойынша белгіленген тәртібі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.
Маманның айтуынша, елордалық тұтынушыларға тек апаттық жағдайларда немесе сирек сағат 21:00-ден электр қуатын беру тоқтатылады. Жоспарлы ажырату қарастырылған аудандар туралы ақпарат «Астана-РЭК» АҚ сайтында, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған.