«Астана-РЭК» кәсіпорны 4 млрд теңгенің жобасын 6 млрдқа жуық асырып бағалаған
Жұмыс жобасы оң қорытынды алу үшін «Астана-РЭК» АҚ-нан «Мемсараптама» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілген.
Жұмыс жобасын талдау барысында жобалаушы құжаттаманы құрастыру кезінде еншілес компаниялардың баға ұсыныстарын жоғары бағаланған құнымен қолданған.
Өз кезегінде департамент «Мемсараптама» РМК-ға әлеуетті жеткізушілерден, Қазақстанның өндірушілерінен құны ең төмен жабдыққа баламалы баға ұсыныстарын жолдады.
Дер кезінде анықталған факті нәтижесінде жоба құны 5,9 млрд теңгеден 4 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Энергия өндіруші немесе тасымалдаушы кәсіпорындардың жұмысы мен қызметінің құнын негізсіз асыра бағалау соңғы тұтынушылар үшін электр энергиясының тарифіне кері әсерін тигізетінін атап өткен жөн.