«Астана» «Ренді» жеңген соң Қазақстан УЕФА рейтингінде жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубының Еуропа лигасының топтық кезеңінде Францияның «Ренн» командасын 2:0 есебімен жеңуі Қазақстанның УЕФА-дағы орнына оң ықпал етті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Астана» «Ренді» жеңген соң Қазақстан УЕФА рейтингінде жоғарылады

Бұған дейін Григорий Бабаян шәкірттері 1-турда сырт алаңда Киевтің «Динамо» командасымен 2:2 есебінде тең түскен болатын.

Кешегі жеңістің арқасында Қазақстан УЕФА елдері рейтингінде бір саты жоғарылап, 18,500 коэффициентімен 26-орынға тұрақтады. Тура осындай көрсеткішке ие Әзербайжан 27-орынға сырғыды, ал 25-орында Израиль (18,625) тұр.

Рейтинг басында бұрынғыша - Испания (89,712). Үздік үштікті Англия (67,748) және Италия (67,725)  түйіндеді.