Астана ресейлік туристер ең көп келетін қалалардың ТОП-10-ына енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы ресейлік туристердің назары Беларусь еліне ауған. Рейтингте одан кейінгі орындарға Украина, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Өзбекстан, Молдова, Қырғызстан және Тәжікстан елдері жайғасты, деп хабарлады БЕЛТА.
Статистика көрсеткендей, 2015 жылы ресейліктер ТМД бойынша жасаған сапарының 40%-ы Беларусь еліне тиесілі. Ресейлік туристер ең көп сапарлайтын қалалардың ТОП-10-ына Киев, Баку, Алматы, Ереван, Астана, Ташкент, Львов енді.