Астана республикалық бюджеттің негізін құрайтын төрт донор аймақтың қатарына енеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы жылдан бастап Астана республикалық бюджеттің негізін құрайтын төрт донор аймақтың қатарынан орын алады. Бұл туралы бүгін «Астана Опера» театрында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
None
None

Әкімнің сөзіне қарағанда, елорданың экономикалық әлеуетінің негізін, яғни шамамен алпыс пайызын жалпы аймақтық өніммен қамтитын шағын және орта бизнес алып отыр. Жалпы қызмет көрсету саласында 316 мың адам жұмыс істейді.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, осы жылдары Астана экономикасына 4 трлн. 780 млрд. теңге тікелей инвестиция тартылды. Бүгінде белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 56 мыңнан асып, былтырға қарағанда 17 пайызға артқан. Қазіргі уақытта қала қазынасына құйылған салық түсімдерінің 67 пайызы шағын және орта бизнес өкілдеріне тиесілі. Олар өндірген өнім көлемі былтыр 1 трлн. 200 млрд. теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар