Астана саммитінің табысты өтетініне сенімдімін — ШЫҰ Бас хатшысы

чжан мин
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин Қазақстанның ұйымға төрағалық етуіне қатысты пікір білдірді.

«2023 жылдың шілдесінен бастап ШЫҰ-ға төрағалық ету Қазақстан Республикасына өткен кезде қазақстандық тарап түрлі салаларда 180-ден астам іс-шара ұйымдастырды. Қазақстандық әріптестер осы миссия барысында 2024 жылы жарияланған „экология жылы“ шеңберінде экономикалық, инвестициялық, көліктік, мәдени-гуманитарлық тақырыптарға, сондай-ақ экологиялық аспектілерге ерекше назар аударды», — деді ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасай отырып.  

шос
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ол ШЫҰ хатшылығының іс-шараларды ұйымдастыру кезінде жоғары кәсіби деңгейге баса назар аударатынын айтты. 

«Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы ұйымға төрағалық етуі өте мазмұнды және қызықты өтті. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қолдауымен Астана саммиті табысты өтетініне, ұйымға жаңа серпін беретініне және оның дамуындағы тағы бір маңызды кезең болатынына сенімдімін. Өз тарапымыздан саммитке дайындық пен оны өткізу барынша жәрдем көрсетуге дайынбыз», — дейді ол. 

шос
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Өз кезегінде Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның ШЫҰ әлеуетін барынша ашу үшін үздіксіз жұмыс істегенін айтқан еді.  

ШОС
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар