«Астана-Санкт-Петербор» бағытындағы әуе рейсінен ішімдік ішкен ресейлік түсіріліп алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана халықаралық әуежайында «Астана-Санкт-Петербор» бағытындағы әуе рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде деструктивті жолаушы рейстен түсіріліп алынды.

«Астана-Санкт-Петербор» бағытындағы әуе рейсінен ішімдік ішкен ресейлік түсіріліп алынды

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Астана қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөліміне «Эйр-Астана» әуе компаниясының агентінен «Астана-Санкт-Петербор» бағытындағы әуе көлігінің бортында құқықбұзушы барлығы туралы хабарлама келіп түскен. Көлік полицейлері жолаушының кім екендігін анықтады. Ол 40 жастағы Ресей азаматы болып шықты. Сондай-ақ тексеру барысында ол азаматтың алкогольдік ішімдік ішіп алған күйде жолаушылардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғандығы анықталды. Аталған факті бойынша көлік полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 1 бөлімі бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырды. Ағымдағы жылғы 13 қараша күні сағат 19.35-те «Бангкок-Алматы» бағыты бойынша әуе рейсі ұшып келген кезде ішімдік ішіп алған 1981 жылы туған жолаушы акт бойынша қабылданып алынды. Дәл сол күні «Ақтөбе-Алматы» әуе рейсіне тіркеу кезінде алкогольдік ішімдік ішкені үшін Ақтөбе қаласының 1986 жылы туылған тұрғыны ұшаққа отырғызылған жоқ. Жоғарыда аталған фактілер бойынша көлік полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.