Астана-Санкт-Петербор жолаушылар пойызында 1 келіге жуық гашиш табылды

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Қостанай облысында шекара кезекшілігі Астана-Санкт-Петербор жолаушылар пойызын тексеру барысында 1 келіге жуық гашиш тауып алды.

Астана-Санкт-Петербор жолаушылар пойызында 1 келіге жуық гашиш табылды

Бұл ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі таратып отыр.

«8 наурызда «Қайрат ТЖ» шекаралық бақылау бөлімінің шекара кезекшілігі пойызды арнайы үйретілген иттермен тексеру барысында вагондардың бірінен жалпы салмағы шаммен 1 келі болатын екі пакетке оралған гашиш тауып алды», - делінген ведомство ақпаратында.