Астана: Сарыарқа ауданының әкімдігі шығындарын оңтайландыруға кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі жылдық әкімшілік шығындарын 35 млн теңгеге қысқартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана: Сарыарқа ауданының әкімдігі шығындарын оңтайландыруға кірісті

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді Фейсбукте жариялаған видематериалда оның орынбасары Талғат Рахманберді әкімшілік шығындарды қысқарту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып берді.

«Астана қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша жақын арадан бастап Сарыарқа ауданының әкімдігі кеңсе-ғимараттарының орналасуын өзгертті. Яғни, бүкіл әріптесіміз аудан әкімдігінің бірінші қабатында орналасатын болады. Біз 2 мәселені шештік. Біріншіден, халыққа жақындадық, екіншіден бюджет қаражатын үнемдедік. Осы жұмыстардың арқасында жыл сайын 35 млн теңге үнемдейтін боламыз. 10 жылда 350 млн теңге қаражат үнемделеді», - деді ол.