Астана саябағы 1 мамырдан бастап ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл елорда паркінде қала тұрғындары мен қонақтарын көптеген тосын сый күтеді. 1 мамырдан бастап аттракциондар, ашық басейндер, би алаңдары және т.б. іске қосылады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
Қазіргі кезде би алаңдары мен бар жасалған ашық бассейндер кешендерінің аумақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Саябақты қалпына келтіру кезінде басты аллея мен «Уақыт өзені» субұрқағы, «Сағат» стеласы, су перделі үңгірлер, «Күн көзі» композициясы, олимпиада чемпиондары алаңын жасау қарастырылған, сондай-ақ, паркте су арнасы мен жағалау, үш тас көпір, сарқырамасы бар көру алаңы және серпінді су бұрқақтар кешені болады.
Демалыс орнындағы тоған сақталды, реконструкция кезінде оның аумағы ұлғайтылды.
Саябақ жаңа аттракциондармен толықты, атап айтқанда, Merry go round және Сircus swing әткеншектері, балаларға арналған Aladin jet 6 мини-джет, Balloon wheel шағын көру дөңгелегі, Wonder Flight көңілді аттракционы және экстремалды Flying School.
Парк салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың да сүйікті орнына айналды. Оның аумағында ересектер мен балаларға арналған тренажерлер орнатылған, бұл спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.