«Астана» шабандозы «Тур де Франс» турнирінің 17-ші кезеңінде үшінші болып келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Tinkoff-Saxo» командасынан поляк Рафал Майка «Тур де Франс» көпкүндігінің 17-ші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлады Sports.kz.

 «Астана» шабандозы «Тур де Франс» турнирінің 17-ші кезеңінде үшінші болып келді

Екінші орында «Movistar» шабандозы итальяндық Джованни Висконти, «Астана» капитаны Винченцо Нибали - үшінші ороында келді.

Бас жіктелімде бұрынғыша Нибали көшбасшы болып келеді, одан кейін үштікте «Movistar» шабандозы испандық Алехандро Вальверде және FDJ командасынан Франция өкілі Тибо Пино.