Астана - Шарджа авиарейсі тағы да кейінге қалдырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шарджаға (БАӘ) ұшуды жоспарлаған жолаушылар  елорда әуежайында қонақ үйлерге қайту үшін қол жүктерін күтіп отыр. Астана - Шарджа рейсі тағы да кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана - Шарджа авиарейсі тағы да кейінге қалдырылды

Air Arabia әуе компаниясының өкілі Гүлмира Ахметованың түсіндіруінше, екі мәрте кейінге қалдырылған Астана - Шарджа рейсінің аттануы 7 қаңтарда сағат 17:00-ге жоспарланған.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта экипаж бен техника әуе кемесінің дайындығын тестілік режімде тексеруде. 

«Жолаушылар қонақ үйлерге орналастырылады. Ниеті барлар билеттерін 8 қаңтарға ауыстырып алуларына болады», - деді Г.Ахметова.

Еске сала кетсек, Астана - Шарджа рейсі 6 қаңтарда екі мәрте ұшып кете алмады. Бірінші жолы ұшақтың есігі қатып қалып ашылмады, кейіннен қозғалтқыштағы ақау ұшуды тоқтатуға себепші болды. Қазіргі уақытта жолаушылардың кідіруі бір тәуліктен асып кетті.