«Астана-Шымкент» жолаушылар пойызы жол ортада бұзылып қалды

«Астана — Шымкент» пойызы «Сары-Шаған — Шу» учаскесінде техникалық себептерге байланысты тоқтауға мәжбүр болды. Ондағы жолаушылар «Алматы 2 — Ташкент» пойызына ауысып отырғызылды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. 

пойыз
Фото: ҚТЖ

«Жолаушылар № 85/86 „Астана — Шымкент“ (Тальго) пойызынан № ½ „Алматы 2 — Ташкент“ (Тальго) пойызына ауысып отырғызылды.
Бүгін „Сары-Шаған — Шу“ учаскесіндегі № 85/86 пойызы техникалық себептерге байланысты тоқтауға мәжбүр болды. Осыған байланысты Шу станциясында осы вагондарға техникалық қызмет көрсетуге жауапты Patentes Talgo компаниясы тиісті техникалық жұмыстар жүргізетін болады. Осы фактіні ескере отырып, Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға Тальго вагондарынан құрылған № ½ „Алматы 2 — Ташкент“ пойызына ауысуды ұсынды. Бірінші кезекте ауыстырылған құрамға әйелдер, балалар және транзиттік жолаушылар отыратын болады. Жолаушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды» делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарламасында.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, жолаушы пойызбен жүруден бас тартқан жағдайда, оған жол жүру құны толық қайтарылады. Егер сол пойызда келе жатқан жолаушы сапарды жалғастырғысы келмесе, жол жүру құны жүріп өтпеген қашықтық үшін төленеді. Сондай-ақ, кідірістің әрбір толық сағаты үшін жолаушыларға 3% мөлшерінде өтемақы төленеді, бірақ жол жүру құнынан аспайды.

Өтемақыны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады.

Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «Ktzh_pp_bot» Телеграмм боты арқылы алуға болады.

Соңғы жаңалықтар