«Астана-Щучинск» алғашқы ақылы жол учаскесі арқылы 90 млн сапар тіркелді

Бурабай тас жолы
Фото: «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – «Астана-Щучинск» автожолына ақпараттық-бағдарламалық кешен орнатылғалы бері 90 млн астам сапар жасалды, бұл шамамен 13 млн автокөлікті құрайды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

2013 жылы енгізілген бірінші ақылы учаске «Астана-Щучинск» жолы еліміздің жол инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналды.

2018 жылдан бастап 11 ақылы учаскеде отандық ақпараттық-бағдарламалық кешендер орнатыла басталды.

«Ақпараттық-бағдарламалық кешендер (АБК) бақылау аркаларында орнатылған және олар автоматты түрде көлік құралының қозғалысын тіркеп, деректерді өңдеуге, сақтауға және жолдауға арналған. «Астана-Щучинск» ақылы учаскесін таңдаған жол пайдаланушыларға алғысымызды білдіріп, жолдарды қолайлы әрі қауіпсіз болу мақсатында жұмыстарымызды жалғастырамыз», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар
telegram