Астана соты бұрынғы қаржы вице-министрінің бостандыққа шығуына қатысты түсінік берді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорданың соты бұған дейін істі болған бұрынғы қаржы вице-министрінің бостандыққа шығу себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2021 жылдың желтоқсан айында апелляция бұрынғы қаржы вице-министрінің ісіне қатысты үкімді қайта қарады. Бұқаралық ақпарат құралдарында бұрынғы вице-министрдің сот үкімі шыққан соң 2,5 айдан кейін бостандыққа шыққандығы туралы ақпарат жарияланды. Еске сала кетсек, Нұр-сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі үкімімен Еңсебаев пен Ескендіров пара алғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚР ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігі) 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.
Елорданың соты ұсынған ақпаратқа сәйкес, үкіммен келіспеген Еңсебаев айыппұлды төлеу мүмкіндігі туралы дәлел келтірген.
«Сотталған Еңсебаевтың ісі ҚР ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігі бойынша алған параны 50 немесе 60 еселенген сома мөлшерінде айыппұл түрінде қайтаруға немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруды көздейді», - дейді астана сотынан.
Астана сотының хабарламасында айтылғандай, 2021 жылдың 13 желтоқсанында алқа мән-жайды ескере отырып, Еңсебаевқа қатысты бірінші сатыдағы үкімді өзгертіп, бас бостандығынан айыру жазасын алған параның 55 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес 66 000 000 теңге сомасындағы айыппұлға ауыстырды.
Астана қалалық сотының хабарлауынша, жоғарыда қабылданған шешімге қатысты ешкім қарсылық танытпаған. Осылайша сотталушы тағайындалған айыппұлды төлегеннен кейін бостандыққа жіберілді.
Еске сала кетсек, былтыр қыркүйекте бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев төрт жылға сотталған еді.
Сондай-ақ, сот шешімімен бұрынғы вице-министрдің атына қойылған кепілдеме қайтарылды.