Астана соты Ерасыл Әубәкіровтің өлтірілуі ісі бойынша ұсталғандардың бірін тұтқындауға санкция берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Алматы ауданының № 2 аудандық соты А.Мейірбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алуға санкция берді, деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Астана соты Ерасыл Әубәкіровтің өлтірілуі ісі бойынша ұсталғандардың бірін тұтқындауға санкция берді

А.Мейірбаев ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармақшасында (бір топ адамдардың алдын-ала сөз байласумен кісі өлтіруі) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдіктелуде.

Еске сала кетейік, осы жылғы 10 ақпанда Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бұдан бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Е.Әубәкіровтің денесін тапқан болатын.