«Астана-Степногор» теміржол бағытымен айдауылдау кезінде 11 сотталған өзіне дене жарақаттарын салды

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Кеше, 27 қаңтар күні кешқұрым, «Астана-Степногор» теміржол бағытымен айдауылдау кезінде арнайы вагонда келе жатқан 11 сотталған өздеріне-өздері жеңіл дене жарақаттарын салды,

«Астана-Степногор» теміржол бағытымен айдауылдау кезінде 11 сотталған өзіне дене жарақаттарын салды

деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ҚАЖК Департаментінен.

Ақмола облысы бойынша ҚАЖК департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанат Кешубаевтың айтуынша, оларға дәрігерлік көмек көрсетілді.

«Салынған жарақаттар жеңіл болғандықтан, олардың ешбірін ауруханаға жеткізу қажет болған жоқ», - деп нақтылады ол.