Астана студенттері кезектен тыс Президенттік сайлауды қолдауға арналған жастар акциясын өткізу бастамасын көтерді

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Техникалық факультетінің студенттері «Менің даусым алғашқы! Менің даусым маңызды!» атты кезектен тыс президенттік сайлауды қолдауға арналған жастар акциясын өткізу бастамасын көтерді.

Астана студенттері кезектен тыс Президенттік сайлауды қолдауға арналған жастар акциясын өткізу бастамасын көтерді

Акция, бастамашылардың айтуынша, жастарды өз болашағына деген немқұрайдылыққа жол бермеуге және мемлекетінің патриоты болуға үндеп, жас буынды «оятуға», сайлауда дауыс беруге шақырады.

«Қазіргі уақытта "жастар жан-жағына немқұрайлы және жауапсыз болып кетті, өз мемлекетінің келешегіне қызықпайды" деген түсінік қалыптасып кеткен. Біздің топ ол түсінікке тура кереғар. Біз президенттік сайлауға басқа да жастарды тарту мақсатында қолға алынған акцияның бастамашылары боламыз. Біз 18 жасқа толған және сайлауға бірінші рет қатысқалы отырған барлық азаматтарды сайлауға қатысуға, біздің акцияны қолдауға шақырамыз», - деді бүгін Астанада өткен баспасөз брифингі барысында шараның белсенді мүшесі Ләззат Бигелдинова.

Шара ұйымдастырушылары сайлау кезінде жастардың белсенділігн арттыру мақсатында кешенді шаралар ойластырып қойған. Насихаттық жұмыс аясында жастарға арнап «мұз шоуы», флэш-моб шаралары көптеп ұйымдастырылмақ.