Астана студенттерінің өнертабысы РФ «Сколково» ғалымдарын қызықтырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімінің грантын иеленген, хакатон жеңімпаздары «Сколковода» болып қайтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астаналық студенттердің «Astana LRT»-нің аялдамаларының онлайн картасына байланысты жасаған My Stop Bus жобасы тиімділігін көрсетіп отыр. Бұрындары бір аялдаманың карта-схемасын жасауға екі сағаттай уақыт кеткен болса, студенттердің осы өнертабысын енгізгелі 10 секундта жасауға мүмкіндік алды.
«Былайша айтқанда бар жүйе автоматтандырылған. Біз Астананың қоғамдық көлік, оның қозғалыс бағытын, аялдамасын, атауын ашық алып отырмыз. Бар ақпарат автоматты түрде оқылып, сол мезетте схемасы жасалады. Яғни бұрын бір картаны жасау үшін дизайнерлердің екі сағаттай уақыты кетсе, қазір компьютерде 10 секундқа жетпей жасалады», деді жоба авторларының бірі Махмуд Галы.
Л. Гумилев атындағы Ұлттық университеттің студенттері жасап шыққан жаңалық елордада жуықта енгізетін болады. Бұл жоба Астананы ақылды қала ету тұжырымдамасына арналған Аstana Innovatoins Challenge 2018-ге ұсынылған ондаған жұмыстың ішінен таңдалған. Жоба авторлары - Махмуд Галы, Мейірхан Есеев және Шағы Лесбек Астана әкімнің арнайы грантын иеленіп отыр.
«Жоба негізі өте тартымды. Біз бұл жобамен Ресей қалаларының әкімшілігін таныстырамыз. Егер жоба оларға ұнап жатса ол жаққа да енгіземіз. Бұл жоба ірі қалалардың қоғамдық көлік қатынасының алдында тұрған меселелерге жауап береді. Өте қызықты және ерекше», деп атап өтті «Сколково» орталығының жергілікті даму орталығының жетекшісі Александр Окунев.
Айта кетейік, әлеуметтік жобаларға арналған стартап-марафондар құрастырушылар арасында өте жоғары қызығушылық тудырып отыр. Бұл істің ұйымдастырушысы Астана әкімдігі және «Астана Innovations» АҚ.
