Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Астана су арнасы» ғимаратының алдында граффити-сурет пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Граффити-суреттің салтанатты ашылуы кәсіпорынның құрылған күнімен орайластырылды. 2017 жылдың 10 шілдесінде «Астана су арнасына» 58 жыл толды. 

«Астана су арнасы» ғимаратының алдында граффити-сурет пайда болды

Ұжымға бұл сыйлықты «Астана су арнасы» МҚК басшысы Табиғат Зейнолқабден жасады, деп хабарлады компанияда.

Граффити-сурет компанияға тиесілі ғимараттардың бірінің алдыңғы жағында орналасқан. Қабырғада су өткізу кранынан тамып жатқан су тамшысы бейнеленген. Бұл сурет барлық тұтынушыларды табиғи ресурсты үнемдеуге шақырады.

null 

Картинаның авторы - скульптор-суретші Асылбек Мамырбаев ауа райының қолайсыздығына қарамастан картинаны уақытылы бітіргенін тілге тиек етті. Енді қала қонақтары мен тұрғындары граффитидің фонында селфи жасай алады. 

null